11 октября 2024 г. 9:19

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласындағы ірі көшенің бірі –Қ. Сәтбаев көшесі екі күнге жабылады.

Алматы, NEGE. Ауылшаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскедегі Сәтбаев көшесінің бір бөлігі 11 қазан сағат 20:00-ден 13 қазан сағат 20:00-ге дейін жабылады.

Бұдан басқа, №45, №95 және 121 автобустардың бағытына өзгерістер енгізіледі. Жабылатын учаскені Абай даңғылы арқылы айналып өтуге болады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 12-13 қазан күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Оған Алматы мен Абай облыстарының фермерлері қатысады.

Жәрмеңкеде 50-тан астам өнім – ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майлары және т.б. ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 300 тонна. Оның ішінде ет өнімдері – 100 тонна, жеміс, көкөніс өнімдері – 100 тонна, сүт өнімдері – 30 тонна, балық өнімдері – 10 тонна, басқалары – 60 тонна.

Жәрмеңке өтетін орын – Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.