Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Алматы қаласының прокуратурасы автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын әзірлеу кезінде бюджет қаражатының заңсыз жұмсалғанын анықтады.

gov.kz

Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, қалалық жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы мердігерге мемлекеттік сараптамадан өтпеген әрі іске асыру мүмкін емес жобалық-сметалық құжаттама үшін 202 млн теңге төлеген.

Бұдан бөлек, тапсырыс беруші шарт талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге қатысты 27 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алмаған.

Бұл факт бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазір істі Алматы қаласы ҰҚКД-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр.