Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Бас прокуратура Алматы қаласында белсенді Санжар Боқаевтың ұсталғанын хабарлады. 

Санжар Бокаев

Астана, NEGE. Тергеу мәліметінше, Боқаев әлеуметтік желілерде қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында жалған ақпарат таратқан. Атап айтқанда, жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақтарда ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдар жариялаған.

«Тергеу деректеріне сәйкес, Боқаев С. аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол бұл іске табысы төмен азаматтарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Боқаев аса ірі көлемдегі қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінген.

Қазір оқып жатыр

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды

«ҚазАвтоЖол» операторы филиалының бұрынғы басшысы сотталды

20 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Балабақша мен мектептерде наурызкөже әкелуге тыйым салынды