Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырықтың учаскелері біраз уақытқа жабылады

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырықтың учаскелері біраз уақытқа жөндеуге жабылады, - деп хабарлады қала әкімдігінен.

Алматы әкімдігінен

Алматы, NEGE. 17 тамызда сағат 23:00-ден 19 тамыз сағат 11:00-ге дейін Табачнозаводская көшесінен батыс бағытта Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығындағы бұрылысқа дейін қозғалыс жабылады.

18 тамызда сағат 23:00-ден 20 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығының басынан Табачнозаводская көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы учаскеде қозғалыс жабылады.

Рысқұлов-Сейфуллин және Рысқұлов-Жансүгіров жолайырықтарындағы жолдар арқылы екі бағытты да айналып өтуге болады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді