Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясымен ауруханаға түсті

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекция белгілерімен Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Оқушылар ауруханаға қазанның 12-13-і аралығында түскен.

almaty.fizmat.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Қазір олардың бәрі дәрігерлердің бақылауында. Интернатта тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынды», – делінген ведомство хабарламасында.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазір мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулерге сынамалар алды.

Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.