Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында Республика күніне орай мемлекеттік туды көтеру салтанаты өтті.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Іс-шараға қала әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Аумағы 98 шаршы метр болатын мемлекеттік ту биіктігі 40 метрлік тұғырға әскери оркестрдің сүйемелдеуімен және әнұранды орындаумен көтерілді.

Бүгін сағат 21:00-де Абай алаңында және 21:30-да «Астана» алаңында дрондар шоуы өтеді. 500-ден астам дрон ұлттық мәдениеттің элементтерін және ел тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелейтін 3D көріністерді жасайды.

Сондай-ақ, сағат 20:00-де «Көктөбе» телемұнарасында мерекелік жарық шамдары қосылады.

Қазір оқып жатыр

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді