Алматыда ірі супермаркеттің есепшісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Алматыда супермаркет есепшісіне шабуыл жасаған 39 жастағы ер адамды ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

полиция

Алматы, NEGE. Қылмыс таңертең Алматының Алмалы ауданында болды. Тұрғын үйдің ауласында белгісіз біреу әйелді тапаншамен қорқытып, одан ақша талап еткен. Қаскөйдің олжасы 400 мың теңге болды.

– Қаскөй өзінің бетін шарфпен жапқан. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен, ал әйел полицияға өзіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған. Тергеу-жедел тобы құрылып, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Түске таман 39 жастағы күдікті ұсталды. Арнайы іс-шара қала орталығында, Абылай хан даңғылының бойында жүргізілді. Қаскөйдің шабуылды жоспарлағаны және үлкен пайдаға үміттенгені белгілі болды. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды. Газ тапаншасы тәркіленді, – деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Қазір оқып жатыр

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған

Новороссийск портына шабуыл жасалды: Қазақстан мұнай экспортына зиян келді ме?