Алматыда ірі қойма өртенді

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Тобаяқов көшесіндегі ірі қоймадан өрт шықты. 

ТЖМ

Алматы, NEGE. Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, сағат 09:52-де Тобаяқов көшесінде от шыққан қоймаға құтқарушылар жоғары дәрежелі дабылмен жіберілген. Оқиға орнына жеткенде, қойма ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған.

Фото: ТЖМ

Өртті оқшаулау үшін барлық шаралар қолданылды. Алматы қаласы ТЖД, ЖАО 68 қызметкері және 23 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өрт сөндірушілердің шапшаң әрекетінің арқасында көрші қоймаларға от жайылмады, кәсіпкерлердің тауарлары мен мүлкіне зиян тимеді. 

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты