Алматыда ірі бизнес орталықтың бір қабаты сүріліп жатыр

Мұратбаев көшесі, 63 мекенжайындағы Parasat бизнес орталығының үшінші қабаты мен мансардасы сот шешімімен бұзылады.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, бұл құрылымдар рұқсатсыз салынған. Жоспардан тыс тексеруден кейін «Parasat Samex Co LTD» ЖШС иесіне заңсыз салынған құрылыстарды жою туралы ұйғарым берілді, алайда талап орындалмады.

Сот басқарманың талап-арызын қанағаттандырып, міндетті түрде сүру керек деп шешті. Меншік иесі сот орындаушыларының қатысуымен бұзуды бастады.

Заңсыз құрылысқа қарсы күрес аясында өткен жылдың басынан бері Алматыда «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» және басқа да 44 заңсыз нысан бұзылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр