Алматыда Президент шыршасы өтті

Алматыда дәстүрлі «Таңғажайып Жаңа Жыл» атты Президенттік жаңа жылдық шырша өтіп, 400 бала қатысты.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Олардың қатарында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар да болды.

Фото: Алматы әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қонақтарды Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев құттықтады.

Ертегі кейіпкерлері – Олаф пен жаңа жылдық Бұғы мерекелік атмосфераны орнатты. Олар балалармен бірге қызықты саяхатқа аттанып, квесттерден өтіп, жұмбақтарды шешті. Басты мақсат - құпия сандықтың сиқырлы кілттерін табу еді. Барлық құпияны ашып, сандықты ашқан соң балалар Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры артистерінің орындауындағы «Щелкунчик» ертегілік қойылымына тап болды. Бұл қойылым мерекенің шарықтау шегі еді.

Фото: Алматы әкімдігі

Мерекелік бағдарлама аясында Аяз Ата мен Ақшақардың дәстүрлі байқаулары өтті. Ал кеш соңында балаларға танымал артист SADRADDIN «Песня» атты жаңа жылдық әнін орындап берді. Мереке қонақтары Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды. 

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды