Алматыда полиция түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады
Алматыда полиция түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Бүгін қаладағы көптеген мектепте соңғы қоңырау соғылды.
Полиция түлектерді маңызды күнмен құттықтап, сонымен қатар қауіпсіздікті сақтау қажеттілігіне назар аударады.
«Соңғы қоңырау – қуанышты күн, ол бақытсыздықтың көлеңкесінде қалмауы керек. Өкінішке қарай, мектеп бітірушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың 20 дерегі тіркелді. Жастар көліктердің терезелері мен люктерінен басын шығарып, қауіпті маневр жасайды. Мұндай көліктердің барлығы тоқтатылып, жүргізушілер жауапқа тартылды. Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналар да жауапқа тартылды. Баршаңызды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, ал ата-аналарды балаларының қай жерде жүргенін және үйге қалай қайтып келе жатқанын қадағалауға шақырамыз», — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.