Алматыда полиция қызметкерін әдейі соққан мопед жүргізушісі жазаланды
Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болған.
Алматы, NEGE. Ресми мәліметке сәйкес, Төле би даңғылында жергілікті полиция қызметінің экипажы қарама-қарсы жолақпен қозғалып келе жатқан мопедті байқаған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны тоқтатуға әрекеттенген, бірақ 20 жастағы жүргізуші заңды талапқа бағынбаған.
— Патрульдік полиция қызметкерлерінің бірін мопед жүргізушісі оны әдейі қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, ұсталды. Оған қатысты бірнеше әкімшілік құқықбұзушылық бабы бойынша іс қозғалды, оның ішінде полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін де жауапкершілік қарастырылған. Сот қаулысы бойынша құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, — деп хабарлады департаменттен.