30 июня 2025 г. 13:28

Алматыда полицейлерден қашқан ұры қолға түсті

Фото: Полиция

Алматыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Күндізгі уақытта полицияға Төле би даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған мопедтің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Белгілі болғандай, мотоцикл дулығасын киген белгісіз екі адам оңтайлы сәтті пайдаланып, ұрлық жасаған.

Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы жетті. Жақын маңдағы аумақты жедел тексеру барысында Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің жедел уәкілі Елдар Тоқташев сипаттамалары ұқсас күдіктілерді байқады. Жолда көлік көп болғандықтан, полиция қызметкері күдіктілерді жаяу аңди бастады.

Бірнеше рет тоқтауды талап еткеніне қарамастан, күдіктілердің бірі қашуға әрекеттеніп, салдарынан полиция қызметкерін бірнеше метрге сүйреп, басқа жол қозғалысына қатысушымен соқтығысқан.