Алматыда полицейлер интимді-қызмет ұсынатын студияны анықтады

Алматыда полицейлер заңсыз студияның қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алматы қаласында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы элиталық тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп тұрған заңсыз студияны әшкереледі.

Ғимаратта арсыздыққа итермелейтін қызметтер көрсетілген. Заңсыз қызметпен айналысқан әйел жауапқа тартылды. Сондай-ақ пәтер иесі анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.

«Мұндай деректер тұрақты түрде анықталып, жолын кесу жұмыстары жүргізіледі. Біздің міндетіміз – қоғамдық моральды қорғау және осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу», – деді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін