Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

Алматыда пәтер ұрылары ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Пәтер ұрылары тобында Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан келген төрт адам болды. Жастары – 28 жастан 33 жасқа дейін. Барлығы бұрын сотты болғандар.

– Қазіргі уақытта күдіктілердің қалада жасалған 5 ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Күдіктілер Мирас ықшамауданындағы үйлердің біріне ұрлыққа түскеннен кейін қылмыс үстінде ұсталды. Олар күндіз бірінші қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, оны тонап, қашып кеткен. Алайда бірнеше минуттан кейін олар полицияның арнайы жасақтарының көмегімен ұсталды. Алматыда қылмыстық топ мүшелерінің Chevrolet және Toyota көліктерін айдағаны белгілі болды. Аса ірі көлемдегі пәтер ұрлығына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған