Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда пәтер ұрыларының қылмыстық тобы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алматы облысының үш тұрғынының қаладағы пәтер ұрлығының кемінде бес эпизодына қатысы бар екендігі белгілі болды. Олар соңғы қылмысын пәтерлердің бірінде жасаған, сол кезде пәтер иесі күтпеген жерден келіп қалған.

Қаскөйлер оның бетіне бұрыш спрейін шашып, оқиға орнынан қашып кеткен.

«Ұсталғандардың екеуі бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір үшеуі де уақытша ұстау изоляторында отыр. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, жедел іс-шаралар жалғасуда», - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Тәртіп сақшылары ұсталғандардың қаладағы пәтер ұрлығының басқа да оқиғаларына қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.


Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді