Алматыда өзгенің көлігін тапсырыс бойынша өртеп жіберген күдікті ұсталды

Алматы полициясы өзгенің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алматы тұрғынының көлігін өртеп жіберген азамат ұсталды. Ол анонимді тапсырыс берушінің айтқанын ақша үшін орындағанын мойындады.

– Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегіне қатысты қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар басқа адамдардың және тапсырыс берушінің жеке басын, сонымен қатар оның себебін анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»