Алматыда ойын алаңында баланы тепкен ер адам ұсталды

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адамның баланы тепкен сәті бейнекамераға түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Фото: из открытых источников

Астана, NEGE. Оқиға Алатау ауданында болған. Видеодан ер адамның ойын алаңында жүгіріп келіп, баланы қатты теуіп жібергені анық көрінеді. Бала жерге құлайды. Ал ер адам оқиға орнынан кетіп қалған.

Алматы Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді: 

Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында. 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін