26 апреля 2025 г. 11:54

Алматыда «Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің VI кездесуі өтіп жатыр

Фото: gov.kz

Ресми кездесу алдында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу делегация басшыларын қарсы алды.

Алматы, NEGE. Іс-шара барысында қатысушылар саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, көлік байланысын дамыту, заманауи сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру, сондай-ақ өңірдегі орнықты даму мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.