Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өтеді

Алматыда 15-18 тамыз аралығында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірім ұлдар және қыздар арасында әлем чемпионаты өтеді. Халықаралық жарысқа 6 елдің құтқарушылары қатыспақ.

Алматы қаласы ӨКҚ

Алматы, NEGE. «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» ҚБ бас маманы Еркежан Төлеген спорттың осы түрінен халықаралық жарыстарды ұйымдастыруда еліміздің мол тәжірибесі бар екенін айтты.

«2014 және 2021 жылдары біз ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаттарын өткіздік. 2018 жылы Алматы қаласында ерлер мен әйелдер арасында халықаралық жарыстар өтті. Енді алғаш рет Алматы қаласында жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында әлем чемпионатын өткізетін боламыз», - деді ол.

Чемпионат төрт бағыт бойынша өткізіледі. Олардың екеуі жеке біріншілік болса, екеуі командалық сайыс. Халықаралық жарыстың ашылу салтанаты 15 тамызда сағат 19.00-де Орталық стадионда өтеді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша 20 ерлер, 14 әйелдер және 16 жасөспірімдер командасы бар.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты