Алматыда оқушының өзіне қол жұмсау әрекетін тексеріп жатыр

Алматыдағы Әшімов QSI мектебінде оқитын жасөспірім қыз өзіне қол жұмсамақ болды.

Pixabay

Алматы, NEGE. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Белгілі болғандай ол ұзақ уақыт сыныптастарының тарапынан буллингке ұшыраған.

Қазір мектеп оқушысының өз-өзіне қол жұмсау әрекетін мониторингтік топ тексеріп жатыр.

Топқа білім басқармасының, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің, психологиялық қолдау және балалар құқығын қорғау орталықтарының мамандары, сондай-ақ қалалық қоғамдық кеңес пен полиция өкілдері кірді.

«Қазіргі уақытта топ жеке мектепте тікелей жұмысқа кірісті. Жағдайды жан-жақты зерттеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады басқармадан.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады