Алматыда оқытушы студенттің басындағы нысананы көздеп оқ атқан

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы колледждердің бірінде түсірілген видео қызу талқыланып жатыр.

instagram/qumash_kz

Астана, NEGE. Бейнежазбадан оқытушының мылтықпен студенттің басында тұрған нысананы көздеп, оқ атқанын көруге болады. Студент бір қолымен басындағы нысананы ұстап тұрса, бір қолымен көзін тасалап тұр. Оқ атылғаннан кейін ол тимегенін айтады.

«Алматы архитектура, дизайн және инженерия колледжінде алғашқы әскери дайындық пәні осылай өтеді. Басына нысана ұстаған студентті оқытушы көздеп тұр. Бұл жаза ма, әлде оқыту әдісі ме, оны колледж өкілдерінен нақтылап жатырмыз», – делінген Instagram-дағы Qumash парақшасы жариялаған видео астындағы жазбада.

Сондай-ақ бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқаны мәлім болды.