Алматыда Навальный штабының бұрынғы белсендісі ұсталды
Алматы әуежайында ресейлік оппозициялық белсенді Юлия Емельянова ұсталды.
Алматы, NEGE. 31 тамызда оның ұсталғаны туралы соғыстан бас тартуды жақтайытын «Ковчег» ұйымы хабарлады. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Емельянова Қазақстанда транзитпен жүрген – ол Грузиядан Вьетнамға ұшып бара жатқан.
Көлік полициясы департаменті мұның Ресейде қозғалған қылмыстық іске байланысты екенін растады.
2021 жылғы қыркүйекте Емельяноваға такси жүргізушісінің 12 мың рубль тұратын телефонын ұрлады деген айып тағылған. «Ковчег» өкілдері істі саяси сипаттағы, қолдан жасалған іс деп есептейді.
– Емельянова таксистен ұрлады делінген телефон оған тек полиция бөлімшесінде көрсетілген. Қызды түнде үйінен халатпен алып кеткен, ал телефон оның үйінен табылған жоқ. Бұл істің қолдан жасалғанын айғақтайды, – делінген «Ковчег» мәлімдемесінде.