Алматыда Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерттерді 300 мыңға жуық адам тамашалады

Алматы тұрғындары мен қонақтарына Димаш Құдайберген, «Алашұлы», Ulytau тобы, «Дос-Мұқасан» ансамблі, Ерке Есмахан, Мөлдір Әуелбекова, Қайрат Нұртас, Қаракат Әбілдина, Дильназ Ахмадиева, Ерлан Рысқали, Тамара Асар, Айгүл Елшібаева, «Жігіттер» тобы, AYAFUNK, ALPHA, Akha, Yenlik және басқа да көптеген танымал орындаушы өнер көрсетті.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Жаңбырлы ауа-райына қарамастан, көрермендердің көңіл-күйі көтеріңкі болды. Мегаполис тұрғындары мен қонақтары танымал ұжымдар мен орындаушылардың өнерін ыстық ықыласпен қарсы алды.

Айтпақшы, Наурызнама кезеңінде алматылықтар мен мегаполис қонақтарына 500-ден астам түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: қолөнершілер мен қолданбалы өнер көрмелері, кітап жәрмеңкесі, қойылымдар мен концерттер, қайырымдылық іс-шаралар, жастар фестивальдері, заманауи дизайндағы ұлттық киім, зияткерлік ойындар мен спорттық жарыстар ұлттық спорт түрлері. Сондай-ақ, қаланың әр ауданында тақырыптық іс-шаралар мен концерттер өткізілді.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған