Алматыда Мұрат Әуезовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Қоштасу рәсімі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында өтті, деп хабарлайды Kazinform.

Александр Павский/ kazinform

Алматы, NEGE. Қоштасу рәсіміне министрлік пен әкімдік өкілдері, сенат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен қазақ зиялылары, марқұмның туған-туыстары қатысты. Іс-шара барысында Мемлекет басшысының көңіл айту хатын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқыды.

– Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, шығыстанушы ғалым, бірінші дәрежелі Барыс орденінің иегері, дипломат Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің дүниеден өтуіне байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Мұрат Мұхтарұлы ұлт руханиятының алға басуына, қазақ ғылымының көкжиегін кеңейтуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы, парасатты тұлға еді. Қазақ әдебиеті мен мәдениетін, тарихын терең зерделеп, сонда өлшеусіз мұра қалдырды. Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделінің артуына өзінің саяси қоғамдық істерімен зор үлес қосты, - делінген Мемлекет басшысының көңіл айту хатында.

 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін