Алматыда муайтайдан әлем чемпионын өлтіріп кетті

Бұған дейін Алматыда 20 жастағы жігіттің кісі қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат тараған. Пышақ жарақатынан көз жұмған жігіттің муай-тайдан әлем чемпионы Серік Әли екені белгілі болды. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Муайтай федерациясы спортшының қазасы туралы ақпаратты растады.

«Алматы қаласынан қаралы хабар келді. Муайтайдан ересектер арасында әлем чемпионы Серік Әли бұзақылар қолынан қаза тапты. Чемпионымыздың отбасына,туған-туыстарына қайғыра көңіл айтымыз», – делінген федерация хабарламасында. 

Алматы қалалық полиция департаменті аталмыш жағдайға байланысты пікір білдірді.

«Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Серік Әли 51 келі салмақта муай-тайдан ересектер арасындағы ең жас әлем чемпионы атанып, халықаралық спорт шебері атағын алды.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді