Алматыда мопед жүргізушілеріне бақылау күшейтілді

«Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісу ауданының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қатаң бақылауға алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция

Алматы, NEGE. Бар болғаны екі күннің ішінде мопед пен скутер жүргізушілеріне қатысты 360-тан астам құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, сақтандыру полисі мен жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын елемеу секілді өрескел заң бұзушылықтар бар.

Нәтижесінде 200-ден астам көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

– Мопед пен скутер жүргізушілерінің жауапсыз әрекеттеріне жол беруге болмайды. Біз тек профилактикалық жұмыс жүргізіп қана қоймай, заң аясында нақты шаралар қабылдаймыз. Жол қозғалысы ережелері – жай ұсыныс емес, ол баршаға ортақ міндет, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасилов.

Қазіргі таңда аудандық полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Арнайы жасақтар күн сайын көшелерді аралап, мектеп маңында және аулаларда рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қазақстандық әйел порнография үшін Қырғызстаннан бала сатып алған