Алматыда мопед ұрлаған үш күдікті ұсталды

Алматыда мопед ұрлаған үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алматы қаласының Медеу аудандық полиция қызметкерлері үш күдіктіні Алматы облысының аумағында қолға түсірді. Олар жақында өзгенің мопедін ұрлап кеткен.

Полицияның мәліметінше, қылмыс түнгі сағат үште Құлжа тас жолының бойында орналасқан тұрғын үй кешендерінің аумағында болды. Үйдің ауласында тұрған мопедті байқап қалған күдіктілер оны ұрлауды шешкен. Кейіннен олар ұрлаған мопедті сатуды жоспарлап, түскен қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсамақ болған. Олар ұсталып, қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті