Алматыда Мемлекеттік қуыршақ театры жаңартылды

Алматыда 10 жылда алғаш рет Мемлекеттік қуыршақ театрында жаңарту мен жөндеу жұмыстары жүргізілді.

gov.kz

Алматы, NEGE. Театрдың сахна кеңістігі, көрермендер залы, грим бөлмелері, гардеробы жөнделіп, есіктері мен едені жаңартылды. Сапалы дауыс пен жарықты қамтамасыз ететін соңғы үлгідегі заманауи сахна жабдықтары сатып алынды. Қазір театр ұжымы бірнеше премьера дайындап жатыр. Шарль Перро ертегісі негізінде «Етіктегі мысық», Гогольдың «Шинель» және Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестері бойынша жаңа спектакльдер қойылады.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев театрды жаңарту көрермендер үшін де, қызметкерлер үшін де қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті.

Келесі жылы театрдың құрылғанына 90 жыл толады.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады