Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат тау бөктеріндегі аудандардың тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталды.

magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қалалық прокуратура хабарлады.

Қадағалаушы органның мәліметінше, мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен Наурызбай ауданының Ақжар және Қарағайлы шағын аудандарында су құбыры және кәріз желілері салынған.

Жоба аясында 43,7 км су құбыры және 40,8 км кәріз желісі жүргізілген, нысандар пайдалануға берілген.

Жаңа инфрақұрылым, прокурорлардың айтуынша, қаланың тау бөктеріндегі аудандарының 10 500 тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтуға және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.