Алматыда мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады

Алматыда 2009 жылы туған мектеп оқушысы өз-өзіне қол салды. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. Алматы қаласының Полиция департаменті бұл деректі растады. Тәртіп сақшылары 105 бап (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

– Аталмыш дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөз бойынша, бала үйінің жанында асылып қалған. Бұның себебі әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Медеу ауданындағы мектептердің бірінде оқыған.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»