Алматыда Медеуге баратын жол жабылады

Алматыда «Медеу» биік таулы спорт кешеніне баратын жол жабылады.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандар көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

«15 тамыз күнгі сағат 23:00-ден 16 тамыз күнгі 07:00-ге дейін қозғалыс «Ақбұлақ» бұлағынан 558/1 ғимаратқа дейінгі аумақта жабылады. Жабылған жолдың ұзындығы 1,2 шақырым. Айта кету керек, бұл көшенің жалпы 6 шақырымы жөнделмек. Тағы басқа жолдардың жабылатын күндері мен уақыты қосымша хабарланады», - деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді