Алматыда LRT құрылысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Алматы әкімдігі қалада жеңіл рельсті көлік жүйесі – LRT құрылысы басталатынын, соған байланысты Момышұлы көшесінде қозғалыс шектелетінін хабарлады.

Алматы әкімдігі

Астана, NEGE. Әкімдік мәліметінше, құрылыс жұмыстары кезінде Мөңке би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы үшін жолдың ортаңғы екі жолағы жабылады.

«Құрылыс жұмыстары жүргізілетін кезде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ жұмыс істемейді. Сондай-ақ бейнебақылау камералары бұл жолаққа шыққан көліктерді тіркемейді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар әкімдіктегілер бұл учаскеде көлік қозғалысы қиындауы мүмкін екенін ескертіп, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.