Алматыда күзетшіні таптап өлтірген ер адамға қатысты тергеу тоқтатылды

Биыл көктемде Алматыдағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешендерінің біріне мас күйінде көлік айдап келіп, шлагбаумды ашпаған күзетшіні көлігімен таптап өлтірген ер адамға қатысты тергеу тоқтатылған.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Күзетшіні өлтірген ер адамның жындыханаға түскені белгілі болды. 

Аталмыш жағдайға қатысты прокуратура пікір білдірді. 

«Алматы қаласындағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі күзетішінің өліміне қатысты іс тоқтағаны туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерінде тарап кетті. Биыл наурыз айынан бастап күдіктіге қатысты ікісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істің тергеп-тексеріліп жатқанын түсіндіреміз. Сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысының негізінде, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 511-бабы 2-бөлігі 2) тармағына сәйкес күдікті психитриялық көмек көрсететін, арнайы медициналық ұйымда жатыр», - деп хабарлады прокуратура.

Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі үзілген.

Қазір оқып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?