Алматыда күзетшіні көлікпен басып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлігімен бірнеше рет басып өлтірген күдіктіге қатысты сот отырысы өтті.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Айыпталушы Асқар Тастандиев Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы («Аса қатыгездікпен кісі өлтіру») және 147-бабының 5-бөлігі бойынша («ҚР дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу») кінәлі деп танылып, 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың наурыз айында ер адам «Меркур Тауэрс» элиталық тұрғын үй кешенінің күзетшісін бірнеше рет көлікпен басып, соққыға жыққан болатын. Күзетші ауруханада қайтыс болды. 

Қазір оқып жатыр

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: қанша адам ауруханаға жеткізілгені айтылды

Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды