Алматыда Құлжа тас жолының бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Құлжа тас жолының бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. 23 тамыз сағат 23.00-ден 25 тамыз сағат 07.00-ге дейін Рысқұлов-Құлжа тас жолының жолайырығынан Халиуллин-Құлжа тас жолының жолайырығына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.

Солтүстік бағытта ШААЖ және Халиуллин көшелерімен тек Талғар тас жолы арқылы жүруге болады. Құлжа күре жолымен көлік қозғалысы тек Рысқұлов даңғылының солтүстік бағытында ғана ашылады. 

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. 

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды