19 июня 2025 г. 1:35

Алматыда көше тазалаушы әйелдерге «пранк» жасаған блогер 10 күнге қамалды

Фото: видео-скрин

Алматыда «пранк» жасау үшін қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған азамат жауапқа тартылды. 

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде блогердің көше тазалап жүрген әйел адамдарға дөрекі сөйлеп, «пранк» жасау үшін кемсіткені таспаланған видео тарады.

Видеода олар әйелдерге дауыс көтеріп, қоқыс лақтырады. Олардың бірі сол жерде  жылап қалады. Кейін оларға өздерінің пранк түсіріп жатқанын айтып, 5000 теңгеден береді.

Сот отырысында блогер кінәсін мойындады және іс материалдарында көрсетілген деректерді растады.