Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, үш адам құтқарылды

Бүгін түнде Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 1-қабаттағы пәтерден өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.

ТЖМ

Алматы, NEGE. ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 5 адамды эвакуациялап, 1 қарт пен 2 баланы құтқару қалпақтары арқылы құтқарған.

Тәжірибелі өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермеді, жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ түнде Ақтөбе облысы гарнизонның диспетчеріне Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласында жеке меншік үйдің бірінің ауласында орналасқан гараждан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Шақырту орнына дереу бағытталған өрт есептортарының құрамында болған №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Данат Шамаков пен өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты Самрат Мейрамбек өртке оранған құрылыстан 2 газ баллоны мен жанармайы бар канистрды алып шығып, жарылыстың алдын алды.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді