Алматыда көпқабатты автотұрақтың жобасы әзірленіп жатыр

Қалалық мобильділік басқармасына қарасты Almaty parking мекемесінің мәліметінше, мегаполисте бүгінгі күні тротуар түріндегі 12 мың орын, алаң түріндегі 6 мың орын автотұрақ бар. Қала бойынша тұрақтардың бағасы – сағатына 100 теңге. Тек Жасыл базар аумағының жанында 150 тг/сағат құны қойылған, деп хабарлады Kazinform

ғаламтордан

Аудан бойынша автотұрақ саны ең көп аудан – Алмалы, мұнда алты мыңға жуық тұрақ орналасқан. Ал автотұрақ ең аз орналасқан аудан – Наурызбай ауданы, мұнда 75 орын бар.

Almaty parking мекемесі Алматыға алдағы уақытта көпқабатты автотұрақ салынатынын мәлімдеді.

– Қалалық кеңістікті тиімді пайдалану, көлік инфрақұрылымын жақсарту және автотұрақ орындарының тапшылығы мәселелерін шешу мақсатында «Алматы паркинг» КМК Медеу ауданы әкімі аппаратымен және Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасымен бірге «Самал-1» шағын ауданында жер учаскесін таңдады. Бұл жер учаскесі көпқабатты механизацияланған автотұрақтарды салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге берілді. Жұмыс жобасына сәйкес, аулалық аумақтардың жүктемесін босату үшін 48 көлікке арналған механизацияланған автотұрақ ұйымдастыру жоспарланып отыр, – деп хабарлады мекемеден.

Одан бөлек Almaty parking жауабына сәйкес, Алматы қаласының Құрылыс басқармасы қазіргі уақытта «Көктем-3» шағын ауданында (Бостандық ауданы) көпқабатты автотұрақты салуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын аяқтап жатыр. Бұл автотұрақ 207 көлік орнына арналған алғашқы коммуналдық автотұрақ болмақ.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды