Алматыда Конституция күніне орай мерекелік концерт өтеді

Алматыда 30 тамызда сағат 19:00-де Абай атындағы алаңда Республика сарайының алдында мерекелік концерт өтеді, деп хабарлады BAQ.KZ.

baq.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 30 тамызда сағат 19:00-де Абай атындағы алаңда Республика сарайының алдында "Ата заң – Тәуелсіздік тірегі" атты үлкен концерт өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан астында үлкен экранда Конституция қабылданған сәттен бастап тарихи кадрларды көреді, сондай-ақ қазақстандық эстрада артистерінің орындауындағы танымал композицияларды тыңдай алады.

Концертте Роза Рымбаева, Бүркіт пен Айша, ADAM, TURAR, Қуандық Рахым, Ғаділбек Жанай, Диана Исмаил, Төлеген Рахымбаев, JCS, NAZAR топтары және т.б. өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, бағдарламада аспаптық музыкаға негізделген Hassak этно-фольклорлық ұжымы мен Алдаспан тобының адамды баурайтын әсерлі қойылымы қойылады.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді