Алматыда қомақты қаржы сақталған сейфті ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қалалық криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп, жеке үйден ішінде қомақты қаржы сақталған сейфті ұрлаған 33 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

Полиция

Алматы, NEGE. Тергеу деректеріне сәйкес, ол сейфті үйден шығарып, шабаданға салып әкеткен.

«Тергеудің қазіргі кезеңінде оның тағы бір осыған ұқсас қылмысқа қатысы бары анықталды. Біздің мәліметтер бойынша, ол ұрлықты тек түнгі уақытта жасаған және қаланың өзге аудандарында да әрекет еткен болуы мүмкін. Қазіргі таңда барлық ықтимал қылмыстық эпизодтарды анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, күдікті бұрын да бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды», – деді Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Әсет Көпешбаев.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да мектеп автобусымен болған жол апаты: 24 бала ауруханаға жеткізілген

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты