Алматыда көлік ішінен ер адамның денесі табылды

Алматының Түрксіб ауданындағы саябақ маңындағы қамыс арасынан Toyota маркалы автокөлік пен бейтаныс адамның денесі табылды.  

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға 27 тамызда түнде болған. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Алматы Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты Kazinform.kz тілшісіне түсінік берді.

Ведомствоның мәліметінше, марқұмның кім екені анықталды.

– Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Материалдар Түрксіб аудандық полиция басқармасының өндірісінде, - делінген хабарламада.

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалған.

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті