Алматыда көлік аялдамаға соғылып, аударылып қалды

  Алматыда екі көлік соқтығысып, салдарынан көліктердің бірі аялдамаға соғылып, аударылып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы ПД

Алматы, NEGE. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 14 қыркүйек сағат 06:30-да Медеу ауданында жол-көлік оқиғасы орын алды.

"Volkswagen көлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен шығыс бағытта келе жатып, тыйым салынған бағдаршамның қиылысына шығып, Назарбаев көшесімен солтүстікке қарай келе жатқан Hyundai көлігімен соқтығысқан. Әрі қарай жүрісін жалғастырған Volkswagen автобус аялдамасына соғысып, нәтижесінде аударылып қалған", – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді