28 июня 2025 г. 15:26
Алматыда қоғамдық көлік бағыты өзгерді
Алматы көлік холдингі төрт автобустың: №32, 92, 99 және 119 бағыты уақытша өзгеретінін мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Мұның себебі — Желтоқсан көшесінің Бөгенбай батыр мен Жібек Жолы көшелері арасындағы бөлігін жабу. Бұл көшеде бүгін сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі.
- №32 автобус солтүстік бағытта Желтоқсан – Абай – Абылай хан – Мақатаев көшелерімен жүріп, кейін қалыпты бағытымен жалғасады. Қайтар жолда өзгеріс жоқ.
- №92 маршрут Абай – Абылай хан – Райымбек арқылы өтіп, кейін әдеттегі бағытына оралады. Қайтар бағыт бұрынғыша қалады.
- №99 автобус Желтоқсан – Бөгенбай батыр – Сейфуллин – Төле би бағытында жүріп, кейін қалыпты маршрутына қосылады. Оңтүстік бағытта өзгеріс жоқ.№119 маршрут шығыс бағытта Төле би – Абылай хан – Мақатаев көшелерімен жүріп, кейін әдеттегі бағытымен жалғасады. Қайтар жол өзгермейді.
Қала әкімдігі жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы өзгерістерді қаперде ұстауды және қолданбалар мен көлік қызметінің ресми ресурстарынан өзекті ақпаратты тексеруді ескертті.