Алматыда қыз баланың үстіне ағаш құлап, мерт болды

Алматыда жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан қыздың үстіне ағаш құлады.

Полиция

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға Әди Шәріпов көшесі мен Қарасай батыр көшесінің қиылысында болған. Белгілі болғандай, қыз бала жұмыстан кофе алуға шығып, қайтып келе жатқан кезде үстіне ағаш құлаған. Ол алған жарақаттарынан жан тапсырды.

Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі растап, тергеу жұмыстарын бастады.

«Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.Қазіргі уақытта мән-жайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады полициядан.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр