Алматыда кезекті заңсыз нысан бұзылды

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Қайрат шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында ірі күрделі құрылыс бұзылды.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған.

2024 жылғы 27 наурызда Түрксіб аудандық сотының шешімімен басқарманың талабы қанағаттандырылды.

Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында талап қою қызметінің нәтижелері бойынша өткен жылдан бастап қала бойынша 35 заңсыз нысан толықн немесе жартылай бұзылды, оның ішінде бизнес орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар.

Қазір оқып жатыр

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанда дизель отынына цифрлық бақылау және таңбалау жүйесі енгізілді