Алматыда Қажымұқан және Назарбаев көшелерінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Қажымұқан және Назарбаев көшелерінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Назарбаев даңғылы мен Қажымұқан көшесінің бір бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

30 қазанда сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Қажымұқан көшесінің 22-үйінен Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Достық даңғылы мен С. Байжанов көшесі арқылы айналып өтуге болады.

30 қазанда сағат 15.00-ден 23.00-ге дейін Назарбаев даңғылының Қажымұқан көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскесінде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Қажымұқан, Меңдіқұлов және Достық даңғылдары арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр