Алматыда қазақ қыздарына тіл тигізген ресейлік стримерлер ұсталды

Алматыда ресейлік танымал стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев 15 тәулікке қамалды.

TikTok

Алматы, NEGE. Оған стримерлердің әлеуметтік желіде қазақ қыздарына тіл тигізіп, әдепсіз сөздер айтуы себеп болған.

Медеу аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғаған.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған адамдар әлеуметтік желіде Қазақстан заңына және қоғамдық тәртіп нормаларына қарсы келетін арсыз сөздер айтқан.

«Материалдар Алматы қаласының арнайы ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Сот қарауының нәтижесінде екеуіне де 15 тәулікке әкімшілік қамау тағайындалды», – делінген полицияның хабарламасында. 

@dyk1y1txf438 #ENZZAI #огр #анар #anarabdullaev #рекомендации #стил #равшан #ренат #стрим ♬ оригинальный звук - Gyrman_169

Қазір оқып жатыр

Енді басқа емханаға кез келген уақытта ауысуға болады

Павлодар облысында балаларға арналған 41 киіз үй лагері ашылады

Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты басталды

ҚТЖ қарызға белшеден батты: енді шығынды халық өтей ме?