Алматыда қайырымдылық қорының басшысы жасөспірімді базарда ақша жинауға тартқан
Алматыда қайырымдылық қорының басшысы 15 жастағы жасөспірімді қалалық базарда қайырымдылық акциясына қаражат жинауға тартқан.
Астана, NEGE. Сот мәліметінше, жасөспірім азаматтарды қайырымдылыққа шақырып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Қор директорына қатысты «Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту» бабы бойынша іс қозғалды.
Сот отырысында қор директоры өз кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны жинақталған дәлелдемелермен, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімнің және директордың өз сөздерімен расталды, – делінген хабарламада.
Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қор басшысын кінәлі деп танып, 196 мың теңгеден астам айыппұл салды.