Алматыда қатты жаңбыр кезінде ер адам арыққа құлап, мерт болды

Алматыда арық ішінен ер адамның мәйіті табылды.

gov.kz

Астана, NEGE. Желідегі ақпаратқа қарағанда, оның мәйітін бітеліп қалған арықты тазалуға барған коммуналдық қызметкерлер байқаған. Алдын ала мәлімет бойынша, мас күйдегі ер адам жаңбыр кезінде арыққа құлап кеткен.

Алматы полицейлері бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам алкогольдік масаң күйде тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлаған. Алған дене жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Алматыда 16, 17 сәуірде қатты жаңбыр жауды. Алматылықтар әлеуметтік желілерде екі күн қатар жауған жаңбырдан су басқан аулалар мен көшелерден фото-видеолар бөлісіп, шағымын жеткізді. 

Қазір оқып жатыр

Балаша сұраққа ересек жауап: Мәжілісте «Қазатомпром» өкілі мен депутат бір-бірін қағытты

Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында қатаң шектеулер енгізді

Алу мен беру. Қазақстанның даму банкі НЕГЕ топырлатып несие беруде?

Павлодарда Porsche Panamera тізгіндеген шетелдік 500 мың теңге айыппұл арқалаған